Сауранда тұрғынның қомақты қаржысын алаяқтықпен иемденген күдікті қолға түсті
Сауранда тұрғынның қомақты қаржысын алаяқтықпен иемденген күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Оған сырттай таныс әйел ұлына диплом алып беремін деп қызметі үшін 1,3 миллион теңге ақшасын алып, екі жыл бойы алдап келген.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.
Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдікті әйелді ұстау үшін тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Ол жұмыссыз жүрген тұрғын болып шықты.
Қазіргі таңда оған қатысты осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.