Саябақта жоғалып кеткен баланы жаяу жасақ тапты
Қарағанды қаласында саябақта ойнап жүріп, жоғалып кеткен 6 жасар баланы жаяу жасақ тауып, отбасына қайтарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 6 тамыз сағат 20:45-те Қарағанды қаласының ПБ Михайлов ПБ кезекші бөліміне орталық мәдениет және демалыс саябағында ойнап жүрген 6 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Баланың түр келбеті мен киген киімін анықтаған полиция қызметкерлері жедел баланы іздестіруге кіріскен болатын. Сонымен қатар, жоғалған баланы іздестіруге Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкі, Михайлов ПБ және ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері, Михайлов ПБ криминалдық полиция бөлімінің жеке құрамы Михайлов ПБ жауапты кезекшісі, көлік патрулі, жаяу жасақтың экипажы жұмылдырылған болатын. Іздестіру шаралары барысында Қарағанды қаласы ПБ ППП қызметкерлері жаяу жасақтың полицейлері К.Омар және Р.Даутов бір сағат ішінде жоғалған баланы тауып, ата-анасына тапсырды.