Сейфті ақшасымен бірге ұрлап кеткен астаналық қолға түсті
Полиция жарты млн теңге ұрлаған астаналық тұрғынды қолға түсірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері кеңсеге терезе арқылы кіріп, жарты миллион теңгеден астам ақшаны қолды қылған күдіктінің жеке басын анықтады.
Полицияға қаладағы ЖШС-тердің бірінің өкілі жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз біреу екінші қабаттағы терезені бұзып ашып, кеңсеге кіріп, ішіндегі сейфті ақшасымен бірге ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 27 жастағы азаматты ұстады. Ол тергеу барысында ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, қылмысын мойындады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Полиция азаматтарға өз мүлкін қорғау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады. Құқық қорғау органдары сенімді құлыптар орнатып, күзет жүйесін және дабылқаққыш құрылғыларды қолдануға кеңес береді.