Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей полицейлері есірткі сатушысын ұстады

Семей полицейлері есірткі сатушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД Семей қ.Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Семей қаласының аумағында «кептірілген марихуана» есірткі құралдарын өткізумен айналысқан 41 жастағы  қала тұрғынын анықтады.

– Аталған азаматқа тиесілі автокөлік құралын кідіріссіз тінту барысында жалпы салмағы 516 грамм «кептірілген марихуана» заты табылып, тәркіленді. Аталған азамат қамауға алынып, ҚР ҚК – нің 297-бабы 2-бөлігі (Ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ол бойынша 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді Семей қ.ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру