Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей қаласында террористік тұрғыдан осал объектілердің біріне айыппұл салынды

Семейдің стратегиялық объектілерінің біріне бір миллион теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласы мекемелерінің бірін тексеру барысында ШҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал стратегиялық объектінің инженерлік-техникалық нығайтылу талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады.

Тексеру барысында бірқатар өрескел кемшіліктер анықталғанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, кемшіліктер бақылау-өткізу пунктінен, күзет үй-жайынан, сондай-ақ, күзет дабылы жүйесінен, бақылау жүйесінен, жедел байланыс жүйесі мен хабарландыру жүйесінен табылған.

Анықталған құқық бұзушылықтарға байланысты акционерлік қоғамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігіне (Террористiк тұрғыдан осал объекті меншік иесінің, иеленушісінің, басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғасының не террористiк тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, анықталған құқық бұзушылықтарды 30 жұмыс күні ішінде жоюға ұйғарым шығарылды. Семей қаласының әкімшілік сотының шешімімен акционерлік қоғамға 1 095 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, – деді ШҚО ПД  бастығы Сағат Мадиев.

Айта кетсек, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әртүрлі санаттағы 8 объект ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру