Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей қаласының тұрғыны жылыжайда қарасора өсіріпті

Семей қаласының тұрғыны жылыжайда қарасора өсіріпті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Семей қаласы ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында, қаладағы үйлердің бірінің маңынан “есірткі құралдарын заңсыз сақтау” күдігімен 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстағандығы туралы ақпарат келіп түсті. Оны тінту барысында үйінің алдынан ескі терезелерден жасалған, полиэтилен пакетімен оралған жылыжай табылды. Жылыжай ішінен өсіп тұрған жасыл түсті, арнайы иісі бар барлығы сегіз түп өсімдік табылып, тәркіленді.

​Ары қарайғы тінту барысында, теледидар астындағы тартпадан, жасыл түсті өсімдік тектес полимерлі түйіншекке оралған зат табылды.

​Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген зат – салмағы 6,40 гр. құрайтын кептірілген марихуана есірткі заты болып шықты.

​Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру