Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғындары таныс азаматтың банк карточкасын тартып алған

Семей қаласының екі тұрғыны таныс азаматтың карточкасын күш қолданып тартып алып, аталған карточкадан оның 200 мың теңгесін шешіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының басында Семей қаласының ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қаланың 43 жастағы тұрғыны хабарласып, өзінің екі танысының дене күшін қолдана отырып, өзінің жеке пәтерінде банк карточкасын тартып алғанын айтты. Қаскүнемдер карточкадан 200 000 теңге көлеміндегі қаражатты шешіп алған.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері осы қылмысты жасауға қатысы бар күдікті ретінде 35 жастағы ер адамды полиция бөліміне жеткізді, ол жауап алу кезінде қылмысын ішінара мойындады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары осы қылмысты жасауға қатысы бар екінші күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған Семей қаласының 40 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру