Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғыны 17 жылдан астам уақыт қос азаматтықпен өмір сүріпті

Семей тұрғыны 17 жылдан астам уақыт қос азаматтықпен өмір сүріпті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан аумағында қос азаматтығы бар азаматтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Тоғыз ай ішінде тәртіп сақшылары 60-тан астам «қос азаматтығы» бар азаматты анықтады.Ағымдағы жылдың тамыз айының ортасында көші-қон қызметінің қызметкерлері 2003 жылы Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған Өскемен қаласының тұрғынын анықтады, ал Қазақстан Республикасына кірген кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты пайдаланды, осылайша Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзды.

Қос азаматтығы барлардың басым көпшілігі ҚР азаматының құжаттарын тапсыру қажеттілігн білмегендіктен қалдырғандарын айтады, алайда бұл әрекетке қасақана барғандар да бар. Мысалы, тәртіп сақшылары 17 жыл бұрын Новосибирск қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын алған Семей қаласының тұрғынын анықтады. Алайда осы жылдар бойы Семейде тұрып, Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдалана отырып, біздің елде де, Ресейде де зейнетақы алып келіп, осылайша ҚР заңнамасын бұзған.

Құқық бұзғандардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктерден ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, – деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды. Тәртіп бұзған жағдайда азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру