Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғыны диплом аламын деп 500 мың теңгесінен айырылды

Семей тұрғыны диплом аламын деп 500 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласында диплом сатамын деген сылтаумен алаяқтық жасаған жағдай анықталды. 49 жастағы жергілікті тұрғын 28 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, оған медициналық колледждің дипломын сатамын деп уәде берген. Осы уәдемен ол жәбірленушіден 500 000 теңге алып, қаражатты жұмсап жіберген.

Жәбірленуші ақшасыз да, құжатсыз да қалды, ал күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады.

Білім алуға, кәсіппен айналысуға немесе басқа құқықтарға мүмкіндік беретін құжаттарды тек заңды жолмен алуға болады. Алаяқтарға жүгіну ақшаны жоғалтуға ғана емес, сонымен қатар ауыр заңды жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру