Семей тұрғыны жарты млн теңгесін алаяққа ұстатып жіберген
Семей тұрғыны жарты млн теңгесін алаяққа ұстатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтар айының соңында Семей қалалық ПБ Орталық ПБ “102” жедел арнасына алаяқтық фактісі туралы хабарлаған 31 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс әйел зейнетақы қорына 503 мың теңгені аударып беруге уәде етіп, алайда біраз уақыттан кейін ол өзінің алданып қалғанына көзі жеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке іленге 44 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу амалдары барысында әйел кінәсін мойындаған.
Полиция қызметкерлері 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында жәбірленушімен сенімді қарым-қатынас орнатқан күдікті, өзін ЖШС бухгалтерлерімін деп таныстырып, жәбірленушіге зейнетақы қорына қаражат аударуға көмектесемін деп жалпы сомасы 503 мың теңгені алдап өз қалтасына басқан. Іс жүзінде, күдікті әйел аталған ұйымдағы бухгалтерияға түк қатысы болмаған, бірақ сол жерде штаттан тыс қызметкер болған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.