Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғынынан суық қару тәркіленді

Семей тұрғынынан суық қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың маусым айының басында Семей қалалық ПБ Орталық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 44 жастағы жергілікті тұрғынның үйін кідіріссіз тінту жүргізу барысында кастетке ұқсас зат табылып, тәркіленді.

Маманның қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған зат суық қару, соққы – ұсақтау әсері бар «кастет» болып табылады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жыл сайын ШҚО-да заңсыз сақталған атыс және газ қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өтеулі негізде халықтың өз еркімен тапсыруы бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Заңға сәйкес қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азамат оларды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру