Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде «алаяқ-гастролер» ұсталды

Семейде «алаяқ-гастролер» ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қ. ПБ Орталық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қызметтік іссапарбарысында  жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 22 жастағы Екібастұз қаласының тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта бұл азаматтың Семей қаласының аумағында арзан құрылыс материалдарын тауып берем деген сылтаумен 16 алаяқтық қылмыс жасағаны белгілі болды.

– Тергеу барысында күдіктінің  Семей қаласында 2020 жылы кеңсені жалға алып, қала тұрғындарына нарық бағасынан төмен бағамен құрылыс жабдықтарын тауып, жеткізіп берем деп келісімшартқа отырған.  Алайда, тұрғындардың ақшасын алған соң уәде еткен тауарды жеткізіп бермей, қашып кеткен деді, – деді Семей қ.ПБ бастығының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжанов.

Күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сараланып, қазіргі уақытта, басқа ашылмаған қылмыстарға қатыстылығының бар-жоғын анықтау бағытындағы қажетті жедел-тергеу шаралары  жүргізілуде. Күдікті адамға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру