Семейде бір реттік темекі сатып алмақ болған студент 10 млн теңгесінен айырылды
Семейде бір реттік темекі сатып алмақ болған студент 10 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мамыр айының басында Семей қаласы Полиция басқармасының 102 жедел арнасына колледждің 19 жастағы студенті хабарласып, 26 жастағы танысы бір реттік электрондық темекі сатып алуға көмектесемін деп 10 млн теңгеден астам қаражатын иемденіп алғанын айтқан.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде, полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Тергеу амалдары барысында күдікті өз кінәсін ішінара мойындады.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.