Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде есірткі сақтаған күдіктілер жауапқа тартылды

Семейде есірткі сақтаған азаматтар жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының үш тұрғыны есірткі сақтағаны үшін жауапқа тартылды. Сот оларға 80 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады.

Жасыл түсті есірткі тектес затты екі азамат аулада, үшінші күдікті өз пәтерінде сақтаған. Сарапшының пікірінше, тәркіленген зат — кептірілген марихуана. Оның салмағы бір-екі грамм болды.

Олардың жұмысы мен мінез-құлқын Семей қаласының Затон ауданының пробация қызметінің қызметкерлері бақылайды.

— Сотталғандар есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді, 80 сағат ішінде олар күн сайын төрт сағат қоғамдық орындарда тазалаумен айналысады. Жұмыстан жалтарған жағдайда олар бостандықты шектеу жазасына тартылады, – деп түсіндірді Затон ауданы пробация қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Тұрарқанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру