Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде есірткі заттарын заңсыз сақтаған азамат анықталды

Семейде есірткі заттарын заңсыз сақтаған азамат анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері "Қарасора-2025" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі қылмысының жолын кесу мақсатында жүргізілген жедел іс-шара барысында Семей қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту барысында аталған азаматтың басқаруындағы Mitsubishi автокөлігінің артқы орындығының астынан ерекше иісі бар, жасыл түсті қағазға оралған зат тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат есірткі құралдарына жататын марихуана болып шықты.

Заттың бір бөлігі темекі тұқымдас өсімдік жапырақтарымен араласқаны анықталды. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы – темекімен аралас күйінде 0,72 грамм және таза кептірілген түрінде 0,51 граммды құрайды.

Аталған факті бойынша есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау және тасымалдау бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Абай облысы полиция департаменті есірткі заттарын сақтау, тасымалдау немесе сату ауыр қылмыс екенін және ол үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Полиция азаматтарды заң талаптарын орындауға және есірткі таратылуына қарсы күресте белсенді болуға шақырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау, сату немесе пайдалану – ауыр қылмыс болып табылады. Есірткіге қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.

Осыған байланысты полиция азаматтарды заңға қатаң бағынуға, кез келген құқық бұзушылықтарды болдырмауға және есірткіге қарсы бірлесіп күресуге шақырады.

Егер сізге есірткі айналымына қатысты қандай да бір құқық бұзушылықтар туралы ақпарат белгілі болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауыңызды сұраймыз. Сіздің азаматтық белсенділігіңіз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өсіп келе жатқан ұрпақтың болашағын қорғауда маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру