Семейде гарнизондық жиын өтті
Семейде гарнизондық жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Семейге жұмыс сапары барысында ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиевпен ҚР ҰҰ 5511 әскери бөлімінің плацында саптық бөліністердің гарнизондық жиыны өткізілді.
Бас полицей тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киім-кешегін, сондай-ақ саптық бөлімшелер қызмет атқаратын қызметтік автокөліктерді тексерді. Сондай-ақ, жиынға 5511 әскери бөлімінің командирі Б.Құлыбаев бастаған, штаб бастығының орынбасары Е.Т.Әріпов, батальон командирі О.Жүнісов ҚР ҰҰ 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісетін полиция қызметкерлеріне қаладағы жедел жағдайдың жай-күйі туралы жеткізілді, бағдарлармен танысты. Сонымен қатар, департамент бастығы жеке құрамға полицияның сервистік моделінің негізгі бағыттары туралы жеткізді, сондай-ақ саптық бөлімшелердің командирлеріне жадынамаларды тапсырды.
Іс-шара соңында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер оркестрдің үнімен салтанатты маршпен жүріп өтіп, Семей қаласының қоғамдық тәртібін қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кірісті.