Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде халықаралық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында автошеру өтті

Семейде халықаралық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында автошеру өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шеруге 40-тан астам көлік қатысты. Іс-шараның мақсаты — зорлық-зомбылық мәселесіне қоғам назарын аударып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына қолдау көрсету.

Бұл бастаманы «Estima» автоклубы мен қоғамдық ұйымдар ұйымдастырды, олар дағдарыс орталығымен бірлесе отырып, көмек қажет ететін жандарға қолдау білдірді. Офицерлер үйінен бастау алыр шыққан автошеру қаланың негізгі көшелерімен өтіп, Карагайлы шағын ауданында аяқталды.

Полиция қызметкерлері автошеру қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті және қоғамдық тәртіпті сақтау маңызды екенін атап өтті.

Әр көлік акцияның ұрандары мен символикасымен безендіріліп, негізгі хабарлама ретінде «Зорлық-зомбылыққа қарсымыз» деген сөздер жазылды. Жүргізушілер дабыл қағып, өтіп бара жатқан тұрғындардың назарын аударды.

Қатысушылар осындай шаралар зорлық-зомбылық мәселесін жұртшылық арасында кеңінен көтеріп, қоғамдағы қауіпсіздік пен құрметті арттыруға үлес қосатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру