Семейде колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған күдіктілер анықталды
Семейде колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған күдіктілер анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Семейде қауіпсіздігі орташа колония аумағына тыйым салынған зат лақтырудың жолы кесілді. 34 және 29 жастағы күдіктілерді жасырын патрульдеу кезінде қызметкерлер байқап қалған. Абай облысы бойынша ҚАЖД № 20 мекемесінің қызметкерлерімен ер адамдар оқиға орнында ұсталды.
Ер адамдар негізгі қоршау арқылы таспамен оралған байламды лақтыруды көздеген. Онда белгілі бір иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат болды. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат 60 гр кептірілген марихуана болып шықты.
Естеріңізге сала кетейік, есірткі заттарын заңсыз жөнелту немесе өткізгені үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қарастырылған.
— Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді жедел бөлім бастығы Сұңғат Абраев.