Семейде колония аумағына тыйым салынған зат өткізбек болған күдікті ұсталды
Семейде колония аумағына тыйым салынған зат өткізбек болған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің тәртіп бөлімінің қызметкерлері 47 жастағы тұрғынды ұстады.
Ер адам тыйым салынған заттарды негізгі қоршаудан өткізуге тырысқан. Скотчпен оралған қаптамадан телефон мен қуаттағыш табылып, тәркіленді.
Семейлік бұл заттарды оған бейтаныс адам лақтыруды сұрағанын мойындады. Телефонды өткізу үшін телефонға металл шыбық байлаған.
Қазіргі уақытта "курьерге" қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша материал жиналып, Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.