Семейде колония аумағына тыйым салынған затты өткізбек болған күдікті ұсталды
Семейде колония аумағына тыйым салынған затты өткізбек болған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттардың колония аумағына өткізуіне жол бермеді. Қызметкерлер жедел түрде тыйым салынған заттарды негізгі қоршау арқылы өткізбек болған 41 жастағы Семей тұрғынын ұстады. Орамада ұялы телефон, зарядтағыш, WIFI маршрутизаторы және SIM картасы табылып, тәркіленді.
– Семейлік бұл заттарды өткізгені үшін оған бейтаныс адам 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы беретінін мойындады. Қазіргі уақытта “курьерге” қатысты әкімшілік хаттама жасалды, – дейді жедел бөлім бастығы Сұңғат Абраев.