Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде мас күйде жанжал шығарған ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды

Семейде мас күйде жанжал шығарған ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының 28 жастағы тұрғыны бес жылдан астам уақыт көрмеген досымен кездейсоқ кездесуді тойлауды ұйғарды. Алкогольдік ішімдік ішу кезінде ер адамдар арасында ауызша жанжал туындап, семейлік тұрғын қолына көсеу алып, досының басынан бірнеше рет ұрған. Салдарынан жәбірленушіге орташа ауырлықтағы дене жарақаты келтірілген.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 250 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды.

Сотталған Семей қаласының Затон аудандық пробация қызмет бөлімі есебіне қойылды. Қызметкерлермен әңгімелесу барысында ол үйленбегенін, сүйіктісімен тұратынын, істеген ісіне өкінетінін айтты.

– Мен өзімді дұрыс ұстамағанымды түсіндім. Болған оқиғаға қатты өкініп, түзелуге уәде беремін. Болашақта отбасын құрып, өзіме ұнайтын жұмысты тауып, ішімдіксіз өмір сүруді жоспарлап отырмын, - дейді сотталған.

Қазіргі таңда сотталған қаладағы жылу электр орталығына жұмысқа орналасып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, 80 сағат мөлшерінде қоғамдық жұмысты атқарып үлгерген.

– Сотталған өз кінәсін мойындап және түзелуге ынталанып отыр. Оған құқықтары мен міндеттерін түсіндірдік, ол өзіне жүктелген қоғамдық жұмыстарды атқаруға, мінез-құлқын өзгертуге дайын, - деп баса айтты Затон аудандық бойынша пробация қызмет бөлімі бастығының орынбасары Қуаныш Тұрарқанов

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру