Семейде мас жүргізуші жауапқа тартылды
Семей қаласында жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші камералардың көмегімен ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Каржаубайұлы көшесінде, халықаралық автовокзал маңында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Deo Matiz автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде Семей қаласының 45 жастағы тұрғыны болған.
Құқық бұзушылық аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы тіркелді. Жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол жеңіл дәрежеде мас күйінде болған.
Аталған дерек бойынша көлікті мас күйде басқарғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, кінәсін толық мойындады. Автокөлік тұраққа қойылып, жүргізушінің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция ескертеді: көлікті мас күйінде басқару – адам өміріне төнген қауіп әрі тікелей қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет.