Семейде «Назар аударыңыз – балалар!» акциясы өтті
Семейде балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыру бағдарламасы аясында полицейлер «Назар аударыңыз – балалар!» акциясын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оған оқушылар арасында жол қозғалысы ережелерін насихаттаумен айналысатын ЖҚИ мектеп жасағы ат салысты.
Балаларлың жолдағы қауіпсіздігі біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып табылатынын атап өту керек. Жыл сайын жүздеген балалар жол ережелерін сақтамау салдарынан жол-көлік оқиғаларының құрбаны болады. Сондықтан мұндай акцияларды өткізу балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу жөніндегі полиция жұмысының ажырамас бөлігі болып есептеледі.
Акция барысында полицейлер мен ЖҚИ балаларды тасымалдау кезінде жол ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салу үшін жүргізушілерге парақшалар мен жадынамалар таратты. Парақшаларда қауіпсіздік белдіктерін пайдалану, балалар креслоларын дұрыс орнату және жылдамдық режимін сақтау сияқты негізгі қауіпсіздік ережелері анық көрсетілген. Сондай-ақ акцияға қатысушылар жүргізушілермен және ата-аналармен жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдары туралы әңгімелесіп, балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікке шақырды.
Осы іс-шаралардың арқасында жүргізушілер қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіліп, жолда барынша мұқият болуда. Акция Семейде балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттырудағы маңызды қадам болды. Полиция мен ЖҚИ бірлескен күш-жігері қоғамның назарын осы мәселеге аударуға және қажетті ақпаратты таратуға септігін тигізді.
Балалардың жолдағы қауіпсіздігі тек полицияның ғана емес, әр жүргізуші мен ата-ананың міндеті. Тек бірлескен күш-жігермен біз балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз және жолдарды да қауіпсіз ете аламыз.