Семейде өртеніп жатқан пәтерден ер адам шығарылды
Семей қаласында өртеніп жатқан пәтерден ер адам шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласында екі қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Төрт шаршы метр зал бөлмесінде жеке заттар, матрац жанған.
Сағат 17.20-да №11 ӨСБ-нің өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына бір минуттың ішінде келіп жетті. Түтін шығып жатқан пәтер жабық болғандықтан, өрт сөндірушілер терезе арқылы ішіне кірді. Барлау кезінде пәтерде 1980 жылы туған ер адам табылды. Оны терезе арқылы таза
ауаға бөлімше командирі Самат Некетаев пен қарауыл басшысы Еркебулан Рахымжанов шығарды.
Зардап шеккен адам жедел-жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.
Өрт сағат 18.12-де толығымен жойылды. Өртті сөндіруге №11 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 11 адам жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі – отпен абайсыз болу және электр
жабдықтарының авариялық режимі.