Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде пәтер жалдамақ болған ер адам алаяққа алданып қалды

Семейде пәтер жалдамақ болған ер адам алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қараша айының ортасында Семей қаласы ПБ «102» жедел арнасына 47 жастағы азамат жүгініп, 28 қыркүйек күні белгісіз адамның Семей қаласында бір айға пәтер тапсыру сылтауымен оның 200 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденіп кеткенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған 21 жастағы Аягөз қаласының тұрғыны болып шықты. Жауап алу барысында ер адам өз кінәсін мойындап, ақшаны қолма-қол қайтарды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру