Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде полицейлер ІІМ оқу орындарына қабылдау бойынша ақпараттық кездесу өткізді

Семейде полицейлер ІІМ оқу орындарына қабылдау бойынша ақпараттық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.    

ҚР Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы Семей қаласының мектептері мен колледждерінде жас ұрпаққа бағыт-бағдар беруге арналған ақпараттық түсіндіру іс-шараларын өткізді.

Кездесу барысында құқық қорғау қызметінің қоғамдағы маңызы, академияға түсу жолдары мен оқу шарттары туралы кеңінен ақпарат берілді. Академия өкілдері жастарға заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және саналы өмірлік таңдау жасау қажеттілігін түсіндірді. Сондай-ақ әрбір жасөмпірім өмірін өзі құра алатыны, жауапкершілік пен білім арқылы қоғамға пайда тигізе алатыны атап өтілді.

Жыл басынан бері Абай облысы полиция департаментіне ІІО оқу орындарынан шамамен 230 - ға жуық қызметкер жұмысқа қабылданды. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қауіпсіз әрі саналы болашаққа жол көрсету, олардың құқықтық сауатын арттыру және қоғамдағы белсенді азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету.

Жаңа қабылданған жас қызметкерлердің кәсіби дайындығы мен білімділігі олардың болашақта сенімді және жауапты полиция қызметкері болуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру