Семейде полицейлер кәріз құдығынан екі жұмысшыны аман алып шықты
Семейде полицейлер төтенше жағдайдың алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаладағы ғимараттардың бірінің жанында ЖЭС-тің үш қызметкері кәріз құдығына түскен. Алайда екеуі есінен танып қалған.
Алғашқылардың бірі болып көмекке ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейлері — Аслан Какенов, Ерзат Баймулаев, Айгерім Мұхтарбекова және Тұрсынбек Айтқазы жетті.
Аслан Какенов дереу саты әкеліп, жұмысшылардың бірін сыртқа шығуына жағдай жасады. Айгерім Мұхтарбекова жедел жәрдем шақырды.
Ал нағыз ерлікке Ерзат Баймулаев барды. Қауіпке қарамастан, ол противогаз киіп, өзін арқанмен байлап, кәрізге түсті. Жоғарыда әріптестері Какенов пен Айтқазы сақтық жасап тұрды. Бірлесе әрекет еткен олардың арқасында есінен танып қалған екі жұмысшы сыртқа шығарылды.
Араға көп уақыт салмай дәрігерлер де жетіп, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Өз өмірін қатерге тігіп, үлкен психологиялық салмақты бастан өткергеніне қарамастан, мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері міндетін әрі қарай жалғастырды.