Семейде полицейлер мас жүргізушіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семейде "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген рейд кезінде мас күйінде көлік басқару фактісі тіркелді. Сағат 22:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Мичурина көшесі бойында LADA автокөлігін тоқтатады.
Полицейлер оның мас күйінде екеніне күмәнданған соң, жүргізуші дереу медициналық куәландыруға жіберілді. Куәландыру нәтижесі бойынша оның орташа дәрежеде масаң күйде екені анықталды. Аталған құқық бұзушылық бойынша сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Мас күйінде көлік жүргізу – адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін әрекет. Мұндай жауапсыздық үшін заң қатаң жаза қолданады. Бір сәттік салғырттық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін
Полиция барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді мұқият әрі жауапты болуға шақырады. "Қауіпсіз жол" – қауіпсіз болашақтың кепілі Сақ болайық – қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етейік!