Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде полицейлер үлгілі жүргізушілерге құрмет көрсетті

Семейде полицейлер үлгілі жүргізушілерге құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семейде республикалық "Үлгілі жүргізуші – 2025" акциясы өтті. Қала көшелерінде полицейлер жүргізушілерді тоқтатып, ереже бұзғаны үшін емес, керісінше, күнделікті жауапкершілік танытып жүргендері үшін алғыс білдірді. Хаттаманың орнына — естелік сыйлықтар, ескертудің орнына — құрмет сөздері. Жүргізушілерге алғыс хаттар, жадынамалар және арнайы сыйлықтар табысталды.

Көпшілігі полицейлерден мұндай тосын сый күтпегендерін жасырмады. Көпжылдық апатсыз тәжірибесімен үлгі болған жүргізушілер: Алмат Маженов, Арман Оразқаримов, және 20 жылдан астам уақыт бірде-бір құқық бұзушылықсыз көлік басқарып келе жатқан Қайрат Сейлханов, 18 жылдық жүргізушілік өтілімен Әділ Данияров пен 16 жыл бойы ұқыпты және жауапты жүргізу үлгісін көрсетіп келген Елена Акулова. Олардың әрқайсысы жолдағы қауіпсіздік мәдениеті жеке таңдаудан басталатынын дәлелдейді.

Полиция өкілдері мұндай бастамалар жол қозғалысына деген көзқарасты өзгертетінін, ал ЖҚЕ сақтау — тек міндет емес, ең алдымен, өмірге деген құрмет екенін атап өтті.

— Біздің тәртібіміз еленеді деп ойламадық. Бұл әрі қарай да жауапкершілікпен жүруге ынталандырады, — деп жүргізушілердің бірі шынайы пікір білдірді .

Жауапты жүргізуші — бұл да қаһарман. Оның ерлігі — тыныштық, тәртіп және мыңдаған адамның өміріне жауапкершілікпен қарау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру