Семейде полиция қызметкерлері отбасын қолдау орталығының ашылуына қатысты
Семейде полиция қызметкерлері отбасын қолдау орталығының ашылуына қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Профилактика" жылы аясында полиция қызметкерлері Семей қаласында ашылған алғашқы отбасын қолдау орталығының ашылуына қатысты.
Бұл орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға кешенді көмек көрсету мақсатында құрылды. Мұнда күн сайын "бір терезе" қағидаты бойынша әлеуметтік және құқықтық қызметтер ұсынылады.
Қала тұрғындары психолог, заңгер, әлеуметтік қызметкер, сондай-ақ жұмыспен қамту орталығының, білім беру және денсаулық сақтау салаларының мамандарынан білікті кеңес ала алады.
Орталықтың ашылуы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресте және отбасы институтын нығайтуда маңызды қадам болды.