Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде полиция жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Семейде полиция жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізуде.

Алғашқы рет ереже бұзғандарға айыппұл салудың орнына ескерту жасалып, жолда мұқият болу қажеттігі түсіндіріледі. Себебі кейде елеусіз қателік үлкен қайғыға әкелуі мүмкін.

— Жол ережелерін сақтау – әр адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі, – дейді полицейлер.

Осындай алдын алу шаралары мен түсіндіру жұмыстары жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, жолдағы тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру