Семейде пробация қызметі есебіндегі жеті сотталған бас бостандығынан айырылды
Семейде пробация қызметі есебіндегі жеті сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семейде “Учаске” атты республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы кезеңінде электрондық бақылау құралдары қолданылған пробация қызметінің жеті сотталғанына жазаны өтеу шарттарын бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Семей қаласы пробация қызметінің есебінде ұрлық, алаяқтық және басқа да қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар, олардың арасында бұрын пробация қызметінде бірнеше рет жазасын өтеген сотталғандар бар. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға және білезік түріндегі электронды бақылау құралдарын қолдануға қарамастан, сотталғандар сот үкімі бойынша оларға жүктелген міндеттерді бұзды, бұл жазаны ауыстыру үшін сотқа материалдар ұсынуға негіз болды.
– Жазасы ауыстырылған сотталғандардың бірі – ұрлық үшін жазасын өтеп жатқан 33 жастағы Семей тұрғыны, оған сот 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу тағайындаған, сонымен қатар, бұрын Семей қаласының Орталық аудандық пробация қызметінің есебінде болып жазасын өтеу кезінде сот тағайындаған міндеттерді бірнеше рет бұзғаны үшін өтелмеген мерзімі он ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған, – дейді пробация қызметінің бастығы Асанали Диханов.