Семейде пробация қызметінің еріктілері ағаштан 20 құс үйін жасады
1 сәуір Халықаралық құстар күніне орай Семей қаласының Әуезов ауданы пробация қызметінің еріктілері бала-бақшаларға барып, балаларға құстарға арналған құс үйін сыйға тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметінің еріктісі өз қолымен құс үйін жасады. Ол барлық технологиялық талаптарды сақтап қана қоймай, өнімдерді әдемі етуге тырысты. 20 құс үйі ашық және жартылай жабық түрде жасалды.
Қонақтар балалармен бірге серуендеу кезінде бала-бақша аумағында орналасқан ағаштарға құс үйін орналастырды.
Осылайша еріктілер бүлдіршіндерге табиғатты аялаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Олар жануарлар мен құстардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті жас кезінен бастап сіңіру керек.