Семейде "Қайта жаңғыру" жобасы жүзеге асырылды
Семейде "Қайта жаңғыру" жобасы жүзеге асырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Полиция – заң мен тәртіптің күзетінде" ұранымен жарияланған "Профилактика жылы" аясында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, сондай-ақ "Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" челлендж-флешмобы аясында Семей қаласының полицейлері "Қайта жаңғыру" атты әлеуметтік жобаны қолға алды.
Жобаның басты кейіпкері – өмірдің ауыр сынақтарына тап болып, қиындықпен күрескен әйел. Көрсетілген қолдау мен жанашырлықтың, сондай-ақ ішкі және сыртқы өзгерістердің арқасында ол өзіне деген сенімін қайта оятып, болашаққа жаңа үмітпен қарай бастады.
Бұл жоба бір ғана игі істің адамның жүрегіне үміт шырағын жағып, оны жаңа өмірге бастай алатынын айқын көрсетті.
Абай облысының полицейлері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Олар әрдайым көмек қолын созуға әзір жандардың бар екенін еске салып, қоғамдағы ізгілік пен жанашырлықтың маңыздылығын айғақтай түсуде.