Семейде Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған шетелдік анықталды
Семейде Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семейде 46 жастағы шетелдік Қазақстан азаматтығынан айырылғанына қарамастан, мемлекеттік баж салығын төлеу үшін Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған.
Оның Қазақстандық жеке куәлігі тәркіленді, ал құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 369 200 теңге айыппұл салынды.
Полиция Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынғанын, ал азаматтар шетел азаматтығын алған жағдайда, бұл туралы 30 күн ішінде хабарлауы тиістігін ескертеді.