Семейде ҚАЖД қызметкерлері Аналар үйіне мерекемен құттықтап барды
Семейде ҚАЖД қызметкерлері Аналар үйіне мерекемен құттықтап барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл қарсаңында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінің қызметкерлері Семейдегі Аналар үйіне барды.
Қазіргі уақытта Аналар үйінде 17 жастан 30 жасқа дейінгі, жүктіліктің соңғы кезеңінде немесе жаңа туған балалары бар, өмірлік қиын жағдайға тап болған және қолдауды қажет ететін әйелдер тұрады. Әйелдердің аналар үйінде тұру мерзімі алты айға дейін, осы уақыт ішінде оларға қажетті әлеуметтік, психологиялық және тұрмыстық көмек көрсетіледі.
Сапар барысында мекеме қызметкерлері жас аналарға сотталғандардың қолымен жасалған кәдесый, ал балаларға тәтті сыйлықтар табыс етті
— Отбасының материалдық жағдайына қарамастан, баланың толыққанды және сау дамуы үшін оның анасының жанында болуы маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, әйелдердің басым көпшілігі уақтылы қолдау көрсеткен жағдайда балаларынан бас тартуға ниетті емес. Бұл бағытта аналар үйі айтарлықтай көмек көрсетеді, - деп атап өтті қоғамдық қордың өңірлік маманы Айнагүл Нұртазина.
— ҚАЖ қызметкерлерінің әлеуметтік бағыттағы іс-шараларға қатысуы профилактикалық және тәрбие жұмысының маңызды құрамдас бөлігі саналады.. Ана мен балаға, әсіресе мереке қарсаңында қолдау көрсету әлеуметтік құндылықтарды нығайтуға және қылмыстық-атқару жүйесінің оң қоғамдық имиджін қалыптастыруға ықпал етеді, - деп атап өтті мекеме бастығы Женисбек Дәуренбеков.
— Біз үшін мұндай қолдаудың маңызы зор. Жаңа жыл қарсаңында көрсетілген көңіл мен қамқорлық болашаққа деген сенім ұялатады. Осы қиын кезеңде бей-жай қарамайтын және бізге көмектесетіндердің барлығына рақмет, — деп атап өтті Аналар үйінің қамқоршыларының бірі.
