Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде ҚАЖД қызметкерлері тұрғындарға патриоттық концерт ұсынды

Семейде ҚАЖД қызметкерлері тұрғындарғаа патриоттық концерт ұсынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей орталық саябағында Қазақстаy полициясы күніне орай Абай облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері полиция департаментімен және мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен бірлесіп концерт өткізді.

Ашық аспан астында өнер көрсеткен погон киген әртістер ішкі істер органдарындағы қызметке, Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікке, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алуға арналған патриоттық музыкалық қойылымдар ұсынды.

Әндердің шынайы сезіммен орындалуы мен жоғары деңгейдегі шеберлік көрермендерді бей-жай қалдырмады. Концерт қатысушылары көптеген жылы лебіздер мен алғыстарға ие болды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бұл мәдени іс-шарасы қала тұрғындары үшін үлкен сыйға айналып, полицияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ете отырып, өңірдің мәдени өміріне де белсенді араласатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Семей тұрғыны өз пікірінде: "Мен күнделікті жұмыстан кейін үйге келе жатқанда осы саябақ арқылы өтемін. Мұнда әрқашан жас жұптар, балалары бар аналар мен балалар серуендейді. Ал бүгін бізге серуендеумен қатар, сүйікті әндерді жанды дауыста тыңдау бақыты бұйырды. Концерт ұйымдастырушыларына керемет кеш үшін алғысымды айтамын", – деді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру