Семейде сотталғандарға концерттік бағдарлама ұйымдастырылды
“Алғыс айту күні” қарсаңында Семей қаласының “Дариға-ай жастар” театрының актерлары сотталғандарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында “Алғыс айту күніне” орай, Семей қаласының “Дариға-ай жастар” театрының актерлары, қауіпсіздігі аралас мекемеде жазасын өтеуші сотталғандарға концерттік бағдарламамен келді. Концертті көруге құмартқан сотталғандар саны көп болды.
Концерттің бастама сөзінде мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов аталмыш іс-шаралардың сотталғандарды мерекелік сезімге бөлеп, оларды қайта тәрбиелеу процесінде алатын орынының ерекше екенін атап өтті.
Бұл театр актерлері колонияда алғаш рет концерттік бағдарлама қойды. Олар тамашалауға халық әнін орындайтын қазақ және ресей артістерінің репертуарларындағы әндерден басқа, ескі жылдардан шетел орындаушыларының әндерін де ұсынды.
– Өнер адамы көрермен талғамайды. Бүгінгі ерекше ықылас пен ынталы көрермендерге риза болдық. Бұл іс-шара арнайы “Алғыс айту күніне” туыстары мен жақындарынан жырақта қалған, бос бостандығынан айырылған азаматтарға ұйымдастырылған еді. Олардың әрқайсысы тезірек босап шығып, жанұяларымен қауышса екен деп тілеймін, – концерттік көркемдік жетекшісі Еркебұлан Нұғыманов.