Семейде тұрғынды тонағаны үшін іздеуде болған әйел ұсталды
Семейде тонау үшін іздеуде болған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері Семей қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімімен бірлесіп, 13 қаңтардан бастап іздеуде жүрген әйелді ұстады.
Өткен жылдың тамыз айының басында Семей қаласы ПБ Әуезов ПБ кезекші бөліміне 60 жастағы қала тұрғыны жүгініп, өткен жылдың 2 тамызында Титов көшесінде ыңғайлы жағдайды күткен белгісіз әйел оның қолынан телефонды жұлып алып, белгісіз бағытта қашқан. Осылайша 45 мың теңге шығын келтірген.
Тәртіп сақшылары дереу қаскөйді іздеуге кіріскен. Іздестіру шараларының нәтижесінде, полиция күшімен 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу амалдары барысында күдікті өз кінәсін мойындады. Ұрланған зат тәркіленді.
Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Алайда құқық бұзушы сот процесіне келмей, жасырынып жүруді шешкен. Ұсталғаннан кейін қаскөй қамауға алынды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды, санкция бойынша оған төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.