Семейде түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің жолы кесілді
Семейде түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №20 мекемесі қызметкерлері түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің алдын алды.
Қызмет атқару барысында кезекші наряд колонияның негізгі қоршауынан белгісіз адамның ораманы лақтыруға әрекеттеніп жатқанын байқап, оны оқиға орнында ұстады.
Скотчпен оралған және электродтан жасалған ораманы тексеру кезінде полицейлер ұялы телефон, қуаттау құрылғысы және SIM картасын тапты.
Тексеру барысында Семей қаласының 55 жастағы тұрғыны бұл әрекетті бейтаныс адамның өтінішімен сыйақы үшін орындамақ болғанын мойындады.
– Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деді №20 мекеменің жедел бөлім бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Рамазанов.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында тыйым салынған заттардың түзеу мекемесіне өтуіне жол берілмеді.