Семейде үйінде марихуана сақтаған ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды
Семейде үйінде марихуана сақтаған ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
46 жастағы семейлік азаматтың үйінің ауласын тінту барысында жалпы салмағы 21 грамм кептірілген марихуанасы бар екі пакет табылып, тәркіленді. Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, оған 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.
Сотталған азамат Семей қаласының Затон ауданының пробация қызмет бөліміне есепке қойылып, сот үкімін орындау үшін Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жұмысшы
ретінде жұмысқа орналастырылды.
– Сотталғанмен әңгімелесу барысында ол отбасылы екендігін және оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін айтты, - дейді Семей қаласы Затон аудандық пробация қызмет бөлімінің бастығы Ерлан Қадырманов.