Семейде зейнеткерді туысы алдап, үйді өз атына рәсімдеп алған
Семейде зейнеткерді туысы алдап, үйді өз атына рәсімдеп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 мамырда Семей қаласы Полиция басқармасы Орталық ПБ 102 жедел арнасына алаяқтық әрекеттің құрбаны болған 68 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, оның 67 жастағы туысы тіркеуге тұру үшін сенімхат жасаймын деген сылтаумен қарт әйелдің үйін өзінің атына ресімдеп алған. Келтірілген залал шамамен 10 млн теңгені құрады.
Іздеу шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Күдіктіден жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады.
Қаскөйге келу туралы міндеттеме тағайындалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.