Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде жастар арасында нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті

Семейде жастар арасында нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Cемей көлік колледжінде "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында жастарға арналған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты – жастардың құқықтық санасын арттыру, нашақорлықтың алдын алу және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық жауапкершілікті түсіндіру болды.

Іс-шараға Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Гаухар Еспаева, нарколог-дәрігер Айгоным Рақымжанова, ЖИТС-тің алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері Әсел Серікбекова және колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсия Аубакирова қатысты.

Кездесуге 70-тен астам студент қатысып, мамандармен ашық әңгіме жүргізді. Спикерлер жастарға нашақорлықтың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін зияны, заң бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік, сондай-ақ ЖИТС инфекциясынан қорғанудың тиімді жолдары туралы кеңінен түсіндірді.

Кездесу соңында мамандар жастарды өз денсаулығына ұқыптылықпен қарауға, заңға құрметпен және өмірге белсенді көзқараспен қарауға шақырды. Спикерлердің айтуынша, жауапкершілік пен саналы өмір салты – әрбір жастың қауіпсіз әрі табысты болашағының басты кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру