Семейде «Жастар. Жігер. Болашақ» атты форум өтті
Семейде 240-тан астам қатысушыны күндізгі форматта және 5 мыңнан астам жасөспірімді онлайн біріктірген «Жастар. Жігер. Болашақ» атты форум өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара нашақорлық, буллинг, суицид және экстремизм сияқты өзекті сын-қатерлердің алдын алудағы, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы маңызды қадам болды.
Форумның басты назарында № 50 жаңа ЖОББМ ауласында ұйымдастырылған Абай облысы полиция департаментінің қызметтік көлік және мамандандырылған жабдықтарының көрмелері болды. Мектеп ішінде қатысушыларды «жобалардың тұсаукесері» алаңы күтіп тұрды, онда жас өнертапқыштар өздерінің инновациялық туындыларын ұсынды.
Жастарға нағыз шабыт сыйлаған мәдениет, спорт және бизнестің табысты өкілдерінің сөз сөйлеуі болды. WorldSkills Kazakhstan-2024 чемпиондары Мадияр Данияров пен Ералы Саятов қатысушыларға «Әрбір қателік – табысқа жету қадамы. Өз күшіңізге сеніңіз және мақсатыңызға қарай жүріңіз!» деп мотивациялық сөздерімен ой тастады.
Форум – жастар мен мемлекеттің идеяларын, күш-жігерін біріктіру, күшті, салауатты және қауіпсіз қоғамның іргетасын құруға қабілетті екендігінің нағыз үлгісі болды.