Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде жұмысқа орналаспақ болған ер адам қаржысынан айырылды

Семейде ер адам беделді қызметке жұмысқа орналасамын деп сан соқты, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

Бұл оқиғаның басты кейіпкері – өзін “Мөлдір” деп таныстырған әйел. Ол қазан айында жас жігітті беделді жұмысқа орналастыратынына сендіріп, қызметі үшін қомақты қаржы алған. Алайда бұл қойылымда шын мәнінде бос жұмыс орны жоқ болып шықты, ал ақша алаяқтың қалтасына түсті.

Көп ұзамай қылмыс әшкереленді: полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні анықтады. Әйел өз кінәсін мойындады, алайда ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағандықтан, қайтаруға мүмкіндігі болмады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру