Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейдегі 5511 әскери бөлімінің құрылғанына 26 жыл толды

Семейдегі 5511 әскери бөлімінің құрылғанына 26 жыл толуына байланысты салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімі» Ішкі істер министрлігінің қаулысымен 1995 жылы құрылды. Бүгінде 5511 әскери бөлімінде 960-қа жуық офицер мен сарбаздар Отан алдындағы борышын адал атқаруда. Ел тыныштығын күзететін айбынды әскердің жыл санап әлеуеті артып келеді.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының гимнімен басталып, әскери бөлімінің үздік қызметшілері мен сарбаздары марапатталды, шара мерекелік концертпен жалғасты. Салтанатты жиынға ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің басшылары және жеке құрам сарбаздары қатысты. Әскерилер патриоттық рухта әуелете ән шырқады.

– Отанымыздың тыныштығы мен бейбітшілігі, жетістігі үшін еткен елеулі еңбектеріңізге әрдайым абырой мен табыс тілеймін. Ең бастысы – еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Биік рухты, өр мінезді, білімді де білікті азаматтарымыз көп болсын, – деді ОВ-156/15 мекеме бастығының орынбасары Ерсін Ахметжанов.

– Мен Ұлттық ұлан сапында әскери борышымды адал атқарып жүргеніме қуаныштымын. Мен үшін бұл үлкен абырой. Себебі Ұлттық ұлан – елдің бейбіт өмірін қамтамасыз ететін әскери құрылым, – дейді жас сарбаз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру