Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейдегі колонияға спирт пен виски өнімдерін жеткізу әрекеті әшкереленді

Семейдегі колонияға спирт пен виски жеткізу әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы қауіпсіздігі аралас деңгейдегі колония аумағына тыйым салынған заттарды өткізбек болған әрекетті мекеме қызметкерлері дер кезінде тоқтатты.

Бейнебақылау камералары арқылы 47 жастағы қала тұрғынының әрекеті байқалып, жедел қимылдаған Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекемесінің қызметкерлері оны ұстап үлгерді.

Тексеру барысында азаматтың қоршаудан мекеме аумағына бес пластик бөтелке лақтырмақ болғаны анықталды. Әрқайсысында шамамен 0,5 литр сұйықтық болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, үш бөтелкеде — спирт, ал қалған екеуінде — виски болғаны белгілі болды.

Ұсталған тұрғын бұл қадамға ақша табу үшін барғанын айтып, бөтен адамның өтінішін орындамақ болғанын мойындады.

— Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, — деді №19 мекеме тәртіп бөлім бастығының міндетін атқарушы, жедел уәкіл Думан Бексолтанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру