Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейлік азамат алаяққа 650 мың теңгесін беріпті

Семейлік азамат алаяққа 650 мың теңгесін беріпті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қ. ПБ Затон полиция бөлімінің “102” жедел арнасына 25 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 2020 жылдың тамыз айының соңында Шалабай кентінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасаймын деген сылтауымен бейтаныс қыз 650 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденгенін хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы қызды анықтап жеткізді. Жауап алу барысында күдікті ұрланған ақша қаражатын өз қажеттіліне жұмсағанын түсіндірді.

Күдікті адам криминалистік есепке қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру