Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейлік оқушыларға өзін қалай қорғау керектігі түсіндірілді

Семейлік оқушыларға өзін қалай қорғау керектігі түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Әділбек Рамазанов Семей қаласындағы №50 IT мектеп-лицейінің орта буын оқушыларына арналған қауіпсіздік сабағын өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға бопсалау, буллинг және бөтен мүлікті ұрлау ұғымдары қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндірілді. Сондай-ақ мұндай заңға қайшы әрекеттердің салдары мен қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы кеңінен айтылды. Сабақ барысында қатарластары тарапынан көрсетілетін қысымды қалай анықтауға болатыны, арандатушылыққа бой алдырмау және жанжал туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету жолдарына ерекше назар аударылды.

Полиция қызметкері қауіп төнген немесе құқық бұзушылық белгілері байқалған жағдайда мұғалімдер мен ата-аналардан дер кезінде көмек сұраудың маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ шұғыл жағдайларда «102» арнасына дереу хабарласу қажеттігін еске салды.

Аталған сабақ оқушылардың зор қызығушылығын тудырды. Кездесуден кейін мектеп оқушылары полиция қызметкеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты кеңес алып, нақты жағдайларда қалай әрекет ету керектігін нақтылады.

Оқу орындарында өткізілетін мұндай профилактикалық сабақтар тұрақты түрде ұйымдастырылып, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жауапкершілік деңгейін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру