Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейлік полицейлер қаруланған зейнеткерді анықтады

Семейлік полицейлер қаруланған зейнеткерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының басында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ жүргізу барысында суық қаруды сақтады деген күдікпен 64 жастағы Семей қаласының тұрғыны ұсталды, оның оң қалтасынан тінту кезінде кастетке ұқсас металл зат табылып, тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, сараптамаға ұсынылған металл зат – кастет түріндегі соққы-ұсақтау әсері бар суық қару.

Тұрғынға қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру